Автор: Трофимова С. В.
Код товара: 14003998,
Наличие: 1000
Ұсынылып отырған оқу құралы әріптің баспа түрімен таныс, бірақ әріптің жазба
түрін енді ғана меңгерген 6 жастан асқан балаларға арналған. Құрал әріптердің
жазылуын жаттықтырып қана қоймайды, сонымен қатар, әріптердің баспа және жазба
түрлерін салыстыруға үйретеді, бұл оқуды саналы әрі нәтижелі етеді. Құралдағы
әріптердің орналасу тәртібі қазіргі таңдағы оқу бағдарламасына сәйкес келеді.
6 жастан асқан балалардың қолдарының бұлшықеттері жеткілікті түрде дамымағандығын
ескерсек, құралдағы барлық графикалық элементтер үлкейтілген мөлшермен
дайындалған. Бұл жазуды меңгеруді жеңілдетеді және қолдың қозғалу координациясын
жақсартады.
Оқып-үйрену кезінде әріптердің жазылу реттілігіне назар аудару маңызды, себебі
әрбір әріптің өзіне тән алгоритмі бар. Жазу дағдысын дұрыс меңгеру – алдағы
уақытта қайта оқытуды талап ететіндей, қателіктер жасауға апармайды. Құралдың
басты мақсаты – каллиграфияның мінсіз болуына талпыну емес, керісінше бала
әріптің жазба түрінің жазылуын есінде сақтағаны маңызды.
Оқыту кезең-кезеңмен жүреді. Алдымен бала үйренетін әріптің баспа түрін табады,
сосын оның жазылу түрін меңгереді. Мұндай тәжірибе баланың жазу дағдысын
дамытып қана қоймайды, сонымен қатар, әріпті көзбен көруін жақсартады, баланы
оқытуда кездесетін көптеген мәтіндер баспа әріптерімен жазылғандықтан, бұл оның
оқу дағдысын дамытуға мүмкіншілік береді. Келесі кезеңде бала әріптің жазу түрін
меңгереді, сосын бұрын өтілген әріптерге берілген тапсырмаларды орындайды, бұл
тапсырмалар әріптің баспа түріне қарай отырып, әріптің жазба түрін есіне түсіреді.
Егер балада белгілі бір қиындықтар туындаса, алдыңғы бетке қайта оралып, әріптің
түріне қарауға болады. Көзбен көру арқылы қайталау материалды есінде сақтауға
көмектеседі. Құралдың соңғы беттерінде әліпбидің барлық әріптерін жазуға арналған
тапсырмалар ұсынылған.
Құралды өздігінен оқып үйренуге немесе әліппеге қосымша құрал ретінде пайдалануға
болады.
Дополнительная информация | |
Издательство, год: | 8&8, 2025 г. |
Тип обложки, кол-во страниц: | мягкая обложка, 40 страниц |
Размер (В x Ш) мм: | 290 x 197 |
ISBN: | 4870246912834 |
Язык: | Казахский |