Автор: Трофимова С. В.
Код товара: 14003999,
Наличие: 1000
Ұсынылып отырған оқу құралы әріптің баспа түрімен таныс, бірақ әріптің жазба түрін енді ғана меңгерген 6 жастан асқан балаларға арналған. Басты мақсат – әріптің баспа түрінен жазба түріне өту үдерісі саналы әрі мақсатты болу керек. Каллиграфиялық жазуға үйретуді жылдамдату ұсынылмайды. Бала әріптердің жазу дағдысын меңгерген кезде ғана, (тренажёр ретінде «Әріптің баспа түрінен жазба түріне өту» 1-саты құралын пайдалануға болады) әріптің жазба түрімен сөздерді жазуға үйретуді бастау керек, сонымен қатар, буындап оқу тәжірибесі де бар. Ата-аналар мен мұғалімдерде мектепте баланы әріптің жазба түрін жазуға үйрететіндіктен, баланы баспа әріптері арқылы жазуға үйретуге бола ма деген сұрақтар туындайды. Ең маңыздысы-үйренудің дайындық кезеңі. Әріптің баспа түрімен жазу балаға осы әріптердің түрін жақсырақ есінде сақтауға көмектеседі, оқуға дайындайды, себебі күнделікті өмірде кездесетін көптеген мәтіндер әріптің баспа түрімен жазылған. Әріптің баспа түрінен әріптің жазба түріне біртіндеп өту тәжірибесі мәтіндерді оқу техникасын меңгеруді жеңілдетеді, бұл үрдіс балаға түсінікті әрі нәтижелі болып табылады. Құралдағы оқыту үрдісі кезең-кезеңмен өткізіледі, бұл баланың қарапайымнан күрделіге өту бағыты бойынша үйренуге мүмкіндік береді. Алдымен бала әріптің баспа түрін меңгереді және оның жазба түрін жазуға жаттығады. Келесі кезеңде бала әріптің баспа түрімен жазылуын негізге ала отырып, сөздерді әріптің жазба түрімен жазуға үйренеді. Сосын бала әрбір суретті сәйкес сөзбен байланыстырып, оны әріптің жазба түрімен жазуға арналған тапсырмаларды орындайды. Құралдың алғашқы беттерінде бала әлі де барлық әріптерді білмегендіктен, суретке сәйкес сөзді өзіне белгілі әріптер арқылы және дыбыстың санына сай анықтауы керек. Құралдың соңғы беттерінде өтілген тақырыптарды бекітуге арналған жаттығулар берілген.
Құралды өздігінен оқып үйренуге немесе әліппеге қосымша құрал ретінде пайдалануға болады.
Дополнительная информация | |
Издательство, год: | 8&8, 2025 г. |
Тип обложки, кол-во страниц: | мягкая обложка, 40 страниц |
Размер (В x Ш) мм: | 290 x 197 |
ISBN: | 4870246912841 |
Язык: | Казахский |