Ақылды тренажёр № 1. Ғажайып хайуанаттар бағы: санаймыз, оқимыз, жазамыз, бояймыз. 5-6 жас

Автор: Кругликова С. В.
Код товара: 14004048,   Наличие: 1000

Ұсынылып отырған құралдың мақсаты – барлық цифрлар мен қазақ әліпбиінің әріптерін білетін және алғашқы оқу мен санау дағдыларын меңгерген 5 жастан асқан балалардың санау, оқу және жазу дағдыларын кешенді түрде, ары қарай дамытуға бағытталған. Бұл құралмен жұмыс – мектепалды жастағы балалар мен бірінші сынып оқушыларының жазу, санау мен оқу сияқты дағдыларын меңгеруге және бекітуге көмектеседі. Әріптер мен цифрларды жазуға керекті дәлме-дәл келтіріп жазу мен түсінікті етіп жазу, 5–6 жастағы балаларға көп күш туғызады, сондықтан, әріптер мен цифрларды жазуға үйретуде ірі мөлшердегі әріптермен жазу тиімді әрі оңай. Бұл құралда жазудың сызықтық әдісі, жұмыс жолының биіктігі 8 мм және жиі қиғаш сызығы пайдаланылады. Бұл бастауыш сыныпта қарастырылатын сызықтаудан бөлек, бірақ бұл мектепалды балалар үшін тиімді. Сонымен қатар, бұл көркем жазуды моторикасы немесе көруі бұзылған балаларға да пайдалану ұсынылады.

Жиі қиғаш сызықтаудың көмегімен әрбір әріп элементінің ені анықталады. Бұл элементтердің енін, әріптердің көлбеу жазу мен ара қашықтық сақтап жазуды бақылауға мүмкіншілік береді. Жазудың қалыптасу кезеңінде ортасындағы үзік сызықтар балаларға әріпті жазудың басталуы мен аяқталуын, олардың элементтері мен өзара байланысуын табуды жеңілдетеді. Жұмыс жолына кіретін қосымша, жоғарғы және төменгі үзік сызықтар әріп элементтерінің параметрлерін анықтайды. Мұндай сызықтауда әрбір әріпті алынған ұяшыққа оңай жазуға болады және балаға әріпті қай жерден бастап, қай жерде аяқтауға болатындығы қиындық туғызбайды.

Нүктелі сызықтармен орындалған жазу үлгісі әріптер мен цифрларды жазудың дағдыларын дамытуға көмектеседі. Жазудың басы нүктемен белгіленген. Сол жерден бастап әріпті немесе цифрды бастап жазған дұрыс. Жұмыс жолы түспен ерекшеленіп берілген, бұл баланың жазу парағындағы сызықтарға оңай бағдарлауын жеңілдетеді. Әріп пен цифрды жазуды толық меңгергеннен кейін, жұмыс жолының биіктігі 8 мм болатын, 2-ші «Ақылды тренажёрмен» жұмысты ары қарай жалғастыру ұсынылады.

Құралда математикадан, оқудан және логикадан қызықты тапсырмалар берілген. Тренажёрде қолдың ұсақ моторикасын дамыту үшін, бояуға арналған қызықты суреттер де берілген. Сонымен қатар, тренажёрмен жұмыс кезінде, бала әлемнің жануарларымен таныса отырып, сөздік қорын молайтады. Құрал ата-ана мен баланың бірлесіп өткізетін сабақтарына арналған. Құралды мектепке дайындық кезінде де, 1 сынып оқушыларына қосымша дамытушылық құрал ретінде де пайдалануға болады.

550 тг

Дополнительная информация
Издательство, год: 8&8, 2025 г.
Тип обложки, кол-во страниц: Мягкая обложка, 32 страницы
Размер (В x Ш) мм: 197 х 290
ISBN: 4870246913572

Написать отзыв

Примечание: HTML разметка не поддерживается! Используйте обычный текст.
    Плохо           Хорошо

Рекомендуемые товары

Буындап оқимыз