Ақылды тренажёр № 2. Ғажайып хайуанаттар бағы: санаймыз, оқимыз, жазамыз, бояймыз. 5-6 жас

Автор: Кругликова С. В.
Код товара: 14004049,   Наличие: 1000

«Ақылды тренажёр» атты оқу құралының екінші бөлімі 5 жастан асқан балалардың санау, оқу және жазу дағдыларын кешенді дамытуға арналған. Құралда балалардың әріптер мен цифрларды жазуды жаттықтыру үшін жұмыс жолының биіктігі 6 мм болатын сызықтық жазу пайдаланылады. Бұл мектепалды балаларға және моторикасы немесе көруі бұзылған балаларға бастауыш сыныпта негізге алынатын стандартты сызықтық жазуға біртіндеп көшуге көмектеседі. Жиі қиғаш сызықтаудың көмегімен әрбір әріп элементінің ені анықталады. Бұл элементтердің енін, әріптердің көлбеу жазылуы мен ара қашықтық сақтап жазуды бақылауға мүмкіншілік береді. Жазудың қалыптасу кезеңінде ортасындағы үзік сызықтар балаларға әріпті жазудың басталуы мен аяқталуын, олардың элементтері мен өзара байланысуын табуды жеңілдетеді Жұмыс жолына кіретін қосымша, жоғарғы және төменгі үзік сызықтар әріп элементтерінің параметрлерін анықтайды. Мұндай сызықтық жазу балалардың көлбеу жазуын жаттықтыруға көмектеседі және әріптерді орналастыруға үйретеді.

Үзік сызықтар арқылы үлгіге қарап жазудан, тірек нүктесіне қарай өту баланың өз бетінше әріптер мен цифрларды жазу дағдысын дамытуға мүмкіндік береді. Жазуды бастауға көрсетілген нүкте басқа нүктелерден өзгеше. Сол нүктеден әріптер мен цифрларды жазуды бастаған дұрыс. Құралда математикадан, оқудан және логикадан қызықты тапсырмалар берілген. Тренажерде қолдың ұсақ моторикасын дамыту үшін, бояуға арналған қызықты суреттер де берілген. Сонымен қатар, тренажермен жұмыс кезінде, бала әлемнің жануарларымен таныса отырып, сөздік қорын молайтады.

Құрал ата-ана мен баланың бірлесіп өткізетін сабақтарына арналған. Құралды мектепке дайындық кезінде де, 1 сынып оқушыларына қосымша дамытушылық құрал ретінде де пайдалануға болады.

550 тг

Дополнительная информация
Издательство, год: 8&8, 2025 г.
Тип обложки, кол-во страниц: Мягкая обложка, 32 страницы
Размер (В x Ш) мм: 197 х 290
ISBN: 4870246913589

Написать отзыв

Примечание: HTML разметка не поддерживается! Используйте обычный текст.
    Плохо           Хорошо

Рекомендуемые товары

Буындап оқимыз