Балапанның дәптері. Кәне, санайықшы! Оқылық та, тоқылық! Қане, есептеші! 5-7 жас. 3 дәптер (1101, 046, 021)

Автор: Трофимова С. В.
Код товара: 14003917,   Наличие: 100

Бұл кітаптың мақсаты – санаудың бастапқы дағдыларын меңгерген және сандарды толық білетін балалардың бойында тез есептеу әдістерін қалыптастыру.
Тапсырмалар сандарды қосу мен азайту мысалдарынан тұрады:
– 10 көлеміндегі сандарды (модульдер қызыл-күлгін түсті дөңгелекшемен белгіленген);
– 20 көлеміндегі сандарды (модульдер жасыл түсті дөңгелекшемен белгіленген);
– 30 көлеміндегі сандарды (модульдер көк түсті дөңгелекшемен белгіленген).


6-дан 7 жасқа жейінгі балаларға арналған математика есептер жинағы

Сіздерге ұсынылып отырған математика есептер жинағы балаңыздың математикадан қарапайым он көлеміндегі сандарды қосуға, азайтуға арналған есептерді шығаруға, олардың шешуін математикалық таңбалар «+», «–», «=» арқылы жазуға үйрететін және құрастыру қабілеттерін дамытатын құрал.
Қарапайым есептерді шығару-математика курсын үйренудің басты кезеңі, күрделі есептерді шығаруға дайындық баспалдағы болып есептеледі.Қарапайым есептерді шығара отырып, бала есептермен және оның шарты, сұрағы, шешуі,жауабы сияқты құрамымен танысады. Сондықтан кітапта баланың міндетті түрде үйренуге керекті, қосу мен азайтуға арналған қарапайым есептерді шығарудың негізгі жолдары көрсетілген.


Бұл кітаптың мақсаты – әліпбидің барлық әріптерін үйреніп, буын арқылы сөздерді құрастырып оқи алатын балаларды жылдам оқуға жаттықтыру және оқудың ерекшеліктерін қалыптастыру. Кітап «жеңілден – күрделіге» принципін негізге ала отырып құрастырылған. Буындап оқи отыра, біртіндеп толық сөзді, содан кейін сөйлемдерді және кішкене мәтіндерді оқи отыра балада оқу техникасын қалыптастыруға болады. Ал сөйлемдердің соңындағы тыныс белгілері, дауыс екпіні мен екпіннің түсуін сақтай отырып балада дұрыс, мәнерлеп, ал бастысы түсіне отырып оқу қабілеті қалыптасады. Маңыздысы, бала не оқып отырғандығын түсінуі керек. Себебі оқу – тек жеке ерекшелік ғана емес, ол сонымен қатар басқа да мектеп пәндерін оқу үшін керекті құрал.


Издания, входящие в учебный комплект:

Балапанның дәптері. Оқылық та, тоқылық! Жылдам оқуға жаттығу

Балапанның дәптері. Кәне, санайықшы! Тез есептеуге жаттықтыру

Балапанның дәптері. Қане, есептеші! Математика есептер жинағы. 6–7 жас


810 тг

Дополнительная информация
Издательство, год: 8&8, 2019 г.
Тип обложки, кол-во страниц: мягкая обложка, 16/16/16 страниц
Размер (В x Ш) мм: 290 x 197
ISBN: 4870246912179
Язык: Казахский

Написать отзыв

Примечание: HTML разметка не поддерживается! Используйте обычный текст.
    Плохо           Хорошо

Рекомендуемые товары

Мектепке дайындық, математика, есеп