Математика. Критериалды бағалау: бөлімді жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау. 3 сынып

Автор: Лазарева И. Л.
Код товара: 14002858,   Наличие: 3000

Ұсынылып отырған құралда бастауыш сыныпта білім алатындарға критериальды (жиынтық) бағалауға арналған материалдар берілген. Жиынтық бағалау  тоқсан бойында (олар тарау / бөлім бойынша немес өтілген тақырыптарға арналады (БЖБ), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау ТЖБ) жүргізіледі.

Құралда әрбір білім алушының дайындық деңгейінің дамуын байқау мақсатында кестелер берілген, мұның маңыздылығы сонда, білім алушының мақсатқа жетуінде өзін-өзі дамыту мен мақсатты белсенділігін қолдау болып табылады.Бағалау үрдісі кезінде білім алушының оқу бағдарламасының мазмұнына сай білімі мен дағдысын көрсететін дәлелдер жинағы қызмет атқарады. Мұғалімге көмек ретінде әрбір баланың жауабын анық, әрі нақты бағалайтын тапсырмаларға дескрипторлар дайындалған және балл қою сызбасы көрсетілген.

БЖБ мен ТЖБ-ға арналған оқу тапсырмалары білім алушының өтілген (үйренген) оқыту мақсаттарына жеткен жетістіктерін бағалауға арналған. Бағалау критерийі оқытудың мақсаттары мен мазмұнына сай.

Ұсынылып отырған оқу құралында берілген материалдар білім алушының дайындық деңгейін қорытындылау мен жүйелеуге арналған. Бұл жұмыстар тарауды / бөлімді аяқтағаннан кейін және әрбір тоқсанның соңында жүргізіледі. БЖБ мен ТЖБ саны оқу бағдарламасына сай берілген.

Оқу құралы төмендегідей тәртіппен құрастырылған: БЖБ және ТЖБ жұмыстарын толығымен немесе бөліп білім алушының портфолиесіне салуға болады.

Жұмыстардың саны ҚР БҒМ бекіткен әдістемелік-нұсқаулық хаттағы оқу бағдарламасымен сәйкес дайындалған.


455 тг

Дополнительная информация
Издательство, год: 8&8, 2020 г.
Тип обложки, кол-во страниц: Мягкая обложка, 34 страниц
Размер (В x Ш) мм: 260 x 200
ISBN: 978–601–340–136–2
Язык: Казахский

Написать отзыв

Примечание: HTML разметка не поддерживается! Используйте обычный текст.
    Плохо           Хорошо

Рекомендуемые товары

Математика, Критериалды бағалау, БЖБ, ТЖБ, 3 сынып