Автор: Курмангалиева Ж., Злыдарева А. М.
Код товара: 14003981,
Наличие: 1000
Бұл жұмыс дәптері «Биология» курсына арналып жасалған. Құралда берілген тапсырмалар ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен жаңартылған оқу бағдарламасына толығымен сәйкес келеді және білім алушылардың жадысына, логикалық ойлау деңгейін қалыптастыруға және жаратылыстану ғылымдарының негіздерін зерделеуге,шығармашылық қабілеттерінің дамуына жол ашады. Құралда тапсырмалардың әртүрлі формалары мен жұмыс түрлері келтірілген, бұл білім алушылардың оқуға қызығушылықтарын арттырып ғана қоймайды, сонымен қатар, жаратылыстану ғылымдары бойынша пәндер білімін тереңдетеді. Құралдағы әртүрлі тапсырмалар практикалық дағдылардың қалыптасуына көмектеседі. Күрделі тапсырмалар «*» белгісімен белгіленген. Білім беру мазмұнының жаңарту аясында бағалаудың критериалды жүйесіне ауысу қарастырылған. Ол қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады. Білім алушылардың дәптердегі жұмысы қалыптастырушы бағалау түрінде бағаланады.
Қалыптастырушы бағалау оқыту үрдісінде білім алушылардың білім жетістіктерін меңгеру деңгейін және дағдылардың қалыптасуын анықтау қызметін атқарады,білім беру үрдісіндегі олқылықтарды түзетуге көмектеседі, мұғалім қалыптастырушы бағалауды кері байланысты жүзеге асыру үшін пайдаланады. Кері байланыс түрлерін мұғалім өзінің жинақтаған тәжірибесін пайдалана отырып, өз қалауы бойынша ұйымдастыра алады. Қалыптастырушы бағалауды жүргізер алдында білім алушыларды оқу мақсаттарымен және білімді бағалау критерийлерімен таныстыру маңызды.
Қалыптастырушы бағалау критерийлерін мұғалім өзі құрастырып жазуына болады немесе біздің ұсынған бағалауды пайдалануына да болады: әр тақырып бойынша баға балл түріне ауыстырылады, балл саны тақырып бойынша тапсырмалар санына тең және 1–2 балл сауаттылығы мен дәптерді толтыру эстетикасына қойылады. Білім бойынша барлық максималды балл жинақталады – бұл 100% дұрыс жауаптар.
Нәтижесінде қандай да бір тапсырманы дұрыс орындамаған білім алушы балл санын аз алады. 1–2 балл санын дәптерді дұрыс толтырмағаны үшін, жалпы сауаттылығы үшін кемітуге болады. Білімінде олқылықтар кеткен білім алушылармен жеке жұмыстар жүргізіп, өтілген тапсырмаларды қайта зерделеуге болады.
Қалыптастырушы бағалау нәтижесін тіркеу түрін мұғалім өз бетінше анықтай алады.
Дополнительная информация | |
Издательство, год: | 8&8, 2025 г. |
Тип обложки, кол-во страниц: | мягкая обложка, 44+ 44 страницы |
Размер (В x Ш) мм: | 290 x 197 |
ISBN: | 4870246912667 |
Язык: | Казахский |