Ақылды бөбектерге арналған. Әріптерды үйренеміз. Менің алғашкы жазуым (жапсырмалар)

Автор: Кругликова С. В.
Код товара: 14003305,   Наличие: 1000

Жазу үлгісімен жүргізілетін сабақта Сіздің балаңыз жапсырмаларды жабыстырады, айналдырып қоршайды,үзік сызықтар жүргізеді және қызықты ашық түсті суреттерді бояйды. Сонымен қатар, жолбарыстың күшігімен, бақаның төлімен,үйректің балапанымен және басқа жануарлармен бірге әріптерді үйрену және ойын арқылы берілген тапсырмаларды орындау қызығырақ және көңілдірек.

Жазу үлгісімен үнемі жүргізілген сабақтар баланың қолын жазуға дайындайды, ұсақ қол моторикасы мен қолдың қозғалу координациясын дамытуға, көру қабілетін, ойлау және ойша көз алдына елестетуін, графикалық дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Алдымен балаңызбен бірге әріптің жанындағы суретке қараңыз. Мысалы: «Қ» әрпін алайық.

Балаңызға әртүрлі сөздерді айтыңыз, балаңыз ол сөздердің қандай әріптен басталып тұрғандығын білуге үйренуі керек. Бала бірте-бірте үйреніп жатқан әріпті  әртүрлі сөзде кездестіргенде, танитын болады.

Сосын балаңызды әріптің графикалық таңбалануына назарын аударыңыз және оны атаңыз.

Жапсырмалардың көмегімен келесі тапсырмалар орындалады: түрлі-түсті дөңгелекшелердің ішінде тек үйреніп жатқан әріп қалатындай, жапсырмаларды бөліп орналастырыңыз.

Балаңызбен суреттегі заттарды айналдыра қоршап және оларды бояу, сызық жүргізу және әріптерді жазып шығу сияқты тапсырмаларды орындау арқылы сабақты жалғастырыңыз.

Құралдың соңғы бетінде балаңызға сол әріп бейнеленген жапсырманы табуды ұсыныңыз.

250 тг

Дополнительная информация
Издательство, год: 8&8, 2023 г.
Тип обложки, кол-во страниц: Мягкая обложка, 16 страниц
Размер (В x Ш) мм: 290 х 197
ISBN: 978-601-340-300-7
Язык: Казахский

Написать отзыв

Примечание: HTML разметка не поддерживается! Используйте обычный текст.
    Плохо           Хорошо

Рекомендуемые товары

Учим буквы, казахский алфавит, предшкола, подготовка к школе