Автор: Трофимова С. В.
Код товара: 14004063,
Наличие: 1000
Логикалық ойлау – табысты оқытудың және әлеммен сенімді қарым-қатынас жасаудың негізі болып табылады. Бала ерте жастан бастап айналада не қоршап тұрғанын белсенді түрде зерттей бастайды, сұрақтар қойып, олардың жауаптарын іздейді, заңдылықтарды түсінуге тырысады.
Логикалық ойлауы дамыған балалар, өздерінің қатарластары арасында ерекшелігімен көріне бастайды. Оларға әртүрлі жағдайларға бейімделу оңай: олар өлең жолдарын оңай жаттап алады, мәтіндердің мазмұнынын тез түсінеді, есептердің шешуін қиындықсыз орындайды және ойындарда күш жұмсамай-ақ жеңіске жетеді.
Логикалық ойлаудың жақсы дамуы балаларға ақпаратты тез қабылдауға, себеп-салдарлық қатынастарды құруға, маңыздыны бөліп көрсетуге, өз ойын еркін білдіруге, оқуда ғана емес, өмірде де күтпеген жағдайлардың шешімдерін табуға көмектеседі. Логикалық ойлау қабілет табиғи дарындылық болғанына қарамастан, бұл дағдыны толық дамыту мектепке дейінгі жастағы балаларды үнемі жаттықтырып тұрудан басталады. Логика мектеп бағдарламасын табысты меңгерудің басты негізі болып табылады және жетістікке жетудің кепілі.
Ұсынылып отырған құрал 4 жастан асқан балалардың жас ерекшеліктерін негізге ала отырып дайындалған. Құралда талдау мен жинақтау дағдыларын дамытуға, салыстыру мен қорытындылауға, жіктеуге, мағынаны сәйкестендіруге арналған дамытушылық бағыттағы тапсырмалар берілген.
Балаға сабақ қызықты болу үшін, әрбір тапсырма түсінікті әрі қысқа түрде берілген және ашық түсті суреттермен безендірілген.
Дополнительная информация | |
Издательство, год: | 8&8, 2025 г. |
Тип обложки, кол-во страниц: | мягкая обложка, 32 страницы |
Размер (В x Ш) мм: | 290 x 197 |
ISBN: | 4870246913923 |
Язык: | Казахский |
Жіктеу, Топтау, Логикалық жұптар, Заңдылықтар, Логикалық есептер