Көңілді сабақтар. 2+ (3149, 3151, 3152, 3153)

Автор: Кругликова С. В.
Код товара: 14003922,   Наличие: 1000

«Алғашқы әліпби» бояу-жазу кітапшасы 2 жастан асқан балалардың жан-жақты дамуына және өй-өрісін кеңейтуге арналған құрал. Осы топтаманың көмегімен бала өзінің қолын жазуға дайындайды, сонымен қатар қазақ әліпбиінің әріптерімен танысады.

Алдымен балаңызға әріптерді қарап шығуға және оның жанында салынған заттың атауын айтуды ұсыныңыз. Содан кейін оған осы затты бояуды айтыңыз және әріптің ішіне түр сызықтар жүргізуді  орындатыңыз. Сабақты үлгі бойынша берілген әріптерді жазумен аяқтауға болады.

Әртүрлі элементтерді айналдыра жиектеу мен бояу арқылы бала қазақ әліпбиінің әріптерін көзбен шолу арқылы алғашқы түсініктері қалыптасады, түс пен пішінді ажыратуға үйренеді.

 

«Ғажайып фигуралар» бояу-жазу кітапшасы 2 жастан асқан балалардың жан-жақты дамуына және өй-өрісін кеңейтуге арналған құрал. Осы құралды пайдалана отырып бала геометриялық фигураларды ажыратуды үйренеді, сонымен қатар, қолы жазуға үйренеді.

Алдымен өзіңіз геометриялық фигураларды көрсетіңіз және олардың атын айтыңыз, сосын балаңызға қарап шығуды ұсыныңыз. Содан кейін осы фигураны ермексаздан жасап оны берілген жерге орналастыруды
сұраңыз. Сабақ кезінде белгілі жерлерде саусақ іздерін қалдыра отырып бояуға болады. Саусақ іздерінің саны фигураларды көзбен қарай отырып тез есінде қалдыруға көмектеседі. Сабақты үлгі бойынша берілген фигураларды салуға жаттықтырумен аяқтауға болады.

Әртүрлі элементтерді айналдыра басып салу мен бояу арқылы балада көзбен шолу арқылы геометриялық фигуралар туралы алғашқы түсініктері қалыптасады.

 

«Сандарды үйренеміз» бояу-жазу кітапшасы 2 жастан асқан балалардың математикалық білім негізін қалыптастыруға арналған жан-жақты көпфункционалды құрал болып табылады. Құрал ойын элементтері мен білімді біріктірудің арқасында мектепке дейінгі дайындықтың негізгі міндеттеріне жауап береді: он көлеміндегі сандармен танысу, санау дағдыларын меңгеру және заттардың санын көзбен көре отырып сандық арақатынасты білу және т. б.
    Алдымен балаңызға санды қарауды және жануардың атын айтуды ұсыныңыз. Содан кейін бос торкөздерге заттардың санына сәйкес (үрме бұршақтың дәндерін, моншақтарды, түймелерді) қоюды сұраңыз. Сабақты санды жазумен жаттықтырумен – пішін (контур) бойынша айналдыра басып салумен аяқтауға болады.
    Әртүрлі элементтерді айналдыра басып салу мен бояу арқылы бала санды көзбен көріп танысады және түс пен пішіндерді ажыратуға үйренеді.

 

«English for kids. Numbers. Animals» бояу-жазу кітапшасы 2 жастан асқан балалардың алғашқы ағылшын әріптерін үйренуге арналған жан-жақты көпфункционалды құрал болып табылады.
Осы бояу-жазу кітапшаның көмегімен баланы санауға, жазуға, сандарды жазуға үйретуге болады,баланың сөздік қорын молайтуға көмектеседі, сонымен қатар, ағылшын тілінде есту арқылы түсіну мен өздігінен сөйлеу дағдыларын дамытуға болады.

Алдымен балаңызға санды көрсетіңіз де, оны айтуды сұраңыз. Сосын оны бірнеше рет қайталатыңыз. Дөңгелектеп көрсетілген санға ермексаздан аппликация жасауды ұсыныңыз. Сабақты санды жазып жаттықтырып жазумен-айналдырып басып салумен аяқтауға болады.

Біраз үзілістен кейін, бояуға арналған жануар суреттері бар бет бойынша жұмысты жалғастырыңыз. Баланың сүйікті ісінің бірі қарындашпен бояу болғандықтан, бұл тапсырманы өте жақсы орындайды. Бұл баланың сабаққа қосымша қызығушылығын арттырады және балаға жаңа сөздерді оңай үйренуге көмектеседі. Үйренген материалды бекіту үшін, балаңыздан тапсырмадағы торкөздерді санына сәйкес бояуды сұраңыз.

 

Издания, входящие в учебный комплект:

Көңілді сабақтар. Алғашқы әліппе. Қазақ әліпбиін үйренеміз / Учим казахский алфавит

Көңілді сабақтар. Ғажайыпфигуралар / Весёлые уроки. Магические фигуры

Көңілді сабақтар.Сандарды үйренеміз / Весёлые уроки. Учим цифры

Көңілді сабақтар.English for kids. Numbers. Animals / Весёлые уроки. English for kids. Numbers. Animals

 

1200 тг

Дополнительная информация
Издательство, год: 8&8, 2022 г.
Тип обложки, кол-во страниц: Мягкая обложка, 24/16/24/24 страницы
Размер (В x Ш) мм: 205 х 170
ISBN: 4870246912223
Язык: Русский

Написать отзыв

Примечание: HTML разметка не поддерживается! Используйте обычный текст.
    Плохо           Хорошо

Рекомендуемые товары

Көңілді сабақтар. 2+ (3149, 3151, 3152, 3153)