Автор: Трофимова С. В.
Код товара: 14003938,
Наличие: 1000
Ұсынылып отырған тренажёрдің мақсаты – қазақ әліппиіндегі әріптерді білетін және олардың жазылу үлгісін үйренген 6 жастан асқан балалардың жазу дағдысын дамытуға арналған. Құралда үзік сызықтармен үзбей жазуды дағдыландыруға, әдемі әрі анық жазуды қалыптастыру мен жазу жылдамдығын арттыруға арналған әдіс- тәсілдер қолданылған.
6 жастағы баланың қолының бұлшық еттері нәзік болғандықтан, жазуға әлі жеткілікті дамымаған және үйлеспеген, құралдағы барлық графикалық бөліктер үлкен мөлшерде берілген, бұл бастауыш мектептің жазу талаптарына сай алынған.
Құралдағы тапсырмалар «қарапайымнан – күрделіге» қарай өту принципі бойынша орналастырылған. Қолдың үзбей қозғалу бағыты мен басын көрсететін нөмірленген нүктелер мен нұсқарлар арқылы берілген бас және кіші әріптердің үлгісіне қарай отырып, бала алдымен осы әріптердің жазылу дағдысын меңгереді, сосын сөздерді жазуды бастайды. Баланың назарын жазудың белгілі бір бөлігіне аударып, жазу үрдісін жеңілдету үшін негізгі жолдар арасында қосымша үзік сызықтар берілген.
Қолдың ұсақ моторикасын дамыту үшін, құралда бояуға арналған суреттер мен айналдырып қоршауға арналған оюлар берілген. Сонымен қатар, құралда жеткен жетістіктерді бекітуге арналған тапсырмалары бар үзік сызықтарсыз сөздерді жазуға арналған тапсырмалары бар аралық беттер енгізілген.
Құралды жеке дайындық барысында немесе әліппеге қосымша ретінде қолдануға болады.
Дополнительная информация | |
Издательство, год: | 8&8, 2024 г. |
Тип обложки, кол-во страниц: | мягкая обложка, 40 страниц |
Размер (В x Ш) мм: | 290 x 197 |
ISBN: | 4870246912353 |
Язык: | Казахский |