Оқу кешендері. Жылдам оқудың құпиялары. Жылдам есептеудің құпиялары. 7+

Автор: Трофимова С. В.
Код товара: 14003897,   Наличие: 1000

Оқи білу – бала кезден қалыптасатын маңызды дағдылардың бірі. Мектепке дейінгі кезеңде бала әріптерді таниды, сөздерді оқуды үйренеді, осы икемділіктерді дамытуға баса назар аудару керек. Мектепте оқыған кезде бала жылдан-жылға мәтін түрінде берілген көп көлемдегі ақпараттарды қабылдайды және баяу оқу оның үлгеріміне кері әсер етуі мүмкін. Бала көп уақытын үй жұмысын орындауға жібереді және оған жаңа білімді қиындықпен меңгеруге тура келеді.

Бала мәтінді түсінбей зуылдатып оқудан гөрі, мәтіндік ақпараттарды жоғары оқу жылдамдығымен қабылдау мен оның мазмұнынын түсінуді қалай үйретуге болады? Жылдам оқуға үйрену белгілі бір дағдыларды жаттықтыруды талап етеді:
–    көздің көру аймағын кеңейту – көзбен 1–3 әріптерді көріп қана қоймай, тұтастай сөзді, тіпті толық сөйлемді оқу икемділігін;
–    ішкі және сыртқы артикуляцияны басу – оқудың төмендетілген жылдамдығы арқылы мәтінді оқу әдетін;
–    есте сақтауды дамыту – оқылған материалдан толық көлемде ақпаратты қабылдау іскерлігін;
–    назар аударуды дамыту – қабілеттіліктің шоғырлануы, үрдісте өзін жинақтау, сыртқы тітіркендіргіштерге көңіл аудармау, оқылған мәтіннің мағынасын бірден түсінуін;
–    ойлауды дамыту – негізгіні бөліп алу іскерлігі, оқылған мәтіннен басты мәселені бөліп алуын;
–    жартышараралық өзара әрекеттесуді дамыту – оқытудың тиімділігі мен нәтижелілігн арттыруда бас ми жартышарының жұмысын үйлестірді.

Бұл құралға жоғарыда келтірілген дағдыларды жаттықтыруға бағытталған қызықты тапсырмалар берілген. Тапсырмалар баланың оқу жылдамдығы мен оқылған материалды қабылдау сапасын арттыруға көмектеседі. Әрбір сабақ ширатумен басталады, барлық жаттығуларды 3 рет қайталау ұсынылады. Ширатудан кейін бір мезгілде оң (оң шеті) және сол (сол шетіне) қолмен сызықтар салуға арналған графикалық тапсырмалар берілген. Әрбір сабақтың екінші бетінде оқуға арналған тапсырмалар берілген, оны бала жылдам және дұрыс орындауға тырысуы керек. Егер ол бірден орындалмаса, онда тапсырманы тағы да қайталау керек.

Сонымен қатар, құралда 2 тексеру тесті берілген, онда тапсырмалардың орындалу уақытын көрсету керек: оқу дағдысының қалыптасуын алғашқы тексеру үшін (3-ші бетте) және оқу аяқталғаннан кейінгі оқу дағдысын тексеру (32-ші бетте). Берілген басылымның тиімділігін талдауға мүмкіншілік беретін тест материалдарының маңыздылығы бірдей.

Құрал әріптерді білетін, буынға бөлу дағдысын меңгерген және мәтінді түсініп оқи алатын баланы оқытуға арналған.


Бұл оқу құралы тренажер ретінде ұсынылады, оқушының 100 көлеміндегі сандар-ды жылдам қосу мен азайтуға үйретеді, есептеу дағдысын меңгеруге көмектеседі.
Математикалық тапсырмаларды орындау кезінде сандарға арифметикалық амал­дарды қолданып қана қоймай, баланың кеңістікте ойлауын, шығармашылық қабілет­тері мен талдау икемділігін қалыптастыру да талап етіледі. Егер де балада ауызша санау кезінде қиындықтар туындаса, онда ол арифметиканың құраушысын орындауға назарын аударады, мұндай жағдайда оған тапсырманың мазмұнын түсіну мен тиімді шешу жолын табу қиын болады. Қалыптасқан есептеу дағдысы жадыны, есте сақтауды дамытады және ол математика мен басқа оқу пәндерін оқып үйренудің негізі болып табылады. Сондықтан, бұл дағдыны балада қалыптастыруға ерте жастан бастап көңіл бөлген дұрыс. Бала жылдам есептеу техникасын өте жақсы меңгерсе, соғұрлым мек­тептегі сабақтарда өзін сенімдірек сезінетін болады.


Бұл оқу құралы балаға кестелік көбейту және бөлуді дұрыс және жылдам орындауға көмектесетін, сонымен қатар, санау дағдысын табысты қалыптастыруға арналған жаттықтырғыш (тренажёр).
Математикалық тапсырмаларды орындау кезінде сандарға арифметикалық амал­дарды қолданып қана қоймай, баланың кеңістікте ойлауын, шығармашылық қабілет­тері мен талдау икемділігін қалыптастыру да талап етіледі. Егер де балада ауызша санау кезінде қиындықтар туындаса, онда ол арифметиканың құраушысын орындауға назарын аударады, мұндай жағдайда оған тапсырманың мазмұнын түсіну мен тиімді шешу жолын табу қиын болады. Қалыптасқан есептеу дағдысы жадыны, есте сақтауды дамытады және ол математика мен басқа оқу пәндерін оқып үйренудің негізі болып табылады. Сондықтан, бұл дағдыны балада қалыптастыруға ерте жастан бастап көңіл бөлген дұрыс. Бала жылдам есептеу техникасын өте жақсы меңгерсе, соғұрлым мек­тептегі сабақтарда өзін сенімдірек сезінетін болады.


Оқу кешеніне кірген басылымдар:

Жылдам оқудың құпиялары. Мен мәтіндерді оқи аламын. 7+

Жылдам есептеудің құпиялары. 100 көлеміндегі сандарды қосу және азайту. 7+

Жылдам есептеудің құпиялары. Кестелік көбейту және бөлу. 7+

1440 тг

Дополнительная информация
Издательство, год: 8&8, 2022 г.
Тип обложки, кол-во страниц: мягкая обложка, 32/32/32 страницы
Размер (В x Ш) мм: 290 x 197
ISBN: 4870246912001
Язык: Казахский

Написать отзыв

Примечание: HTML разметка не поддерживается! Используйте обычный текст.
    Плохо           Хорошо

Рекомендуемые товары