Автор: Трофимова С. В.
Код товара: 14003875,
Наличие: 3000
Айналадағы қоршаған орта мен жиынтықтар белгілері туралы жалпы түсінік қалыптастыру деңгейін анықтауға, геометрия негіздерімен, цифрлармен, сандармен, 10-ға дейінгі сандар құрамымен танысуға бағытталған тапсырмалардан тұрады. Сондай-ақ айналадағы қоршаған орта заңдылықтарын үйрене білуге, және күнделікті өмірде математикалық білімін қолдана алуға көмектесетін қызықты есептер көп мөлшерде ұсынылған.
Бұл сатыда бала цифрдың, санның не екенін біледі, алғашқы ондық көлемінде қарапайым есептеулерді шығара алады. Сондықтан барлық тапсырмалар қайталауға, материалды өңдеп тереңдетуге бағытталған: сандарды атау, жазу; қосу, азайтуға есептер шығару; сандарды салыстыру; шығармашылық қабілеттерін дамытатын қызықты тапсырмаларды орындау; себеп-салдар байланыстарды орната білу.
Осы кезеңде баланың оқу дағдысы тұрақталған болуы тиіс, сондықтан оның оқуына арналған мәтін ірі әріптермен жазылған. Тапсырмаларды орындай отырып оқушы екінші ондықтың сандарымен және оның жазылуымен танысып; ұзындық, салмақ, көлем, уақыт сияқты түсініктер жөнінде мағлұмат алады; оңай есептерді шешіп үйренеді. Қосу мен азайтудан тұратын есептер есептеу дағдысын қалыптастырып, ал қызықты тапсырмалар логикалық ойлау мен шығармашылық қабілетті дамытады. Сондай-ақ, бүлдіршіннің кішігірім моторикасын дамыту үшін көптеген графикалық тапсырмалар берілген.
Дополнительная информация | |
Издательство, год: | 8&8, 2019 г. |
Тип обложки, кол-во страниц: | мягкая обложка, 40/40/40 страниц |
Размер (В x Ш) мм: | 205 x 170 |
ISBN: | 4870246911639 |
Язык: | Казахский |
Мектепке дайындық, функционалды сауаттылық, функционалды сауаттылығын дамыту