Оқу мен жазу мектебі. 6+. Оқу кешендері 2 дәптер (3937, 3938)

Автор: Трофимова С. В.
Код товара: 14003950,   Наличие: 1000

Ұсынылып отырған тренажёрдің мақсаты – барлық әріптерді үйренген және оларды байланыстырып, буындап оқи алатын 6 жастан асқан балалардың оқу дағдыларын дамытуға арналған. Құралда қысқа уақыт аралығында оқу дағдысын жетілдірудің бір шарты – оқушының түсініп және мүдірмей оқуын қамтамасыз етуге бағытталған автордың өз тәжірибесінде қолданылған әдістері алынған.

Оқуға арналған тапсырмалар бағаналарда «қарапайымнан – күрделіге» қарай өту принципі бойынша орналастырылған: екі әріпті буындар; үш әріпті буындар; буындарға бөлінген сөздер; доғамен буынға бөлініп көрсетілген сөздер; қосымша көрсету белгісі жоқ сөздер. Ең маңыздысы, әрбір беттегі бағаналарда орналасқан сөздер-өзгермеген, бірақ олар әртүрлі реттілікпен орналасқан. Бұл баланың оқудың бірлігін көзбен танып білуін жетілдіреді, сонымен қатар, мүдірмей дұрыс оқу дағдысын дамытуға мүмкіндік береді.

Оқу дағдысын жеңілдетіп, баланың назарын нақты берілген бағанға аудару үшін, жанындағы бағандарды ақ қағазбен жабуға болады.

Құралды жеке дайындық барысында немесе әліппеге қосымша ретінде қолдануға болады.


Ұсынылып отырған тренажёрдің мақсаты – қазақ әліппиіндегі әріптерді білетін және олардың жазылу үлгісін үйренген 6 жастан асқан балалардың жазу дағдысын дамытуға арналған. Құралда үзік сызықтармен үзбей жазуды дағдыландыруға, әдемі әрі анық жазуды қалыптастыру мен жазу жылдамдығын арттыруға арналған әдіс- тәсілдер қолданылған.

6 жастағы баланың қолының бұлшық еттері нәзік болғандықтан, жазуға әлі жеткілікті дамымаған және үйлеспеген, құралдағы барлық графикалық бөліктер үлкен мөлшерде берілген, бұл бастауыш мектептің жазу талаптарына сай алынған.

Құралдағы тапсырмалар «қарапайымнан – күрделіге» қарай өту принципі бойынша орналастырылған. Қолдың үзбей қозғалу бағыты мен басын көрсететін нөмірленген нүктелер мен нұсқарлар арқылы берілген бас және кіші әріптердің үлгісіне қарай отырып, бала алдымен осы әріптердің жазылу дағдысын меңгереді, сосын сөздерді жазуды бастайды. Баланың назарын жазудың белгілі бір бөлігіне аударып, жазу үрдісін жеңілдету үшін негізгі жолдар арасында қосымша үзік сызықтар берілген.

Қолдың ұсақ моторикасын дамыту үшін, құралда бояуға арналған суреттер мен айналдырып қоршауға арналған оюлар берілген. Сонымен қатар, құралда жеткен жетістіктерді бекітуге арналған тапсырмалары бар үзік сызықтарсыз сөздерді жазуға арналған тапсырмалары бар аралық беттер енгізілген.

Құралды жеке дайындық барысында немесе әліппеге қосымша ретінде қолдануға болады.


Оқу кешеніне кірген басылымдар:

Оқу мен жазу мектебі. Сөздерді оқуға арналған тренажёр. 6+

Оқу мен жазу мектебі. Сөздерді жазуға арналған тренажёр. 6+


1300 тг

Дополнительная информация
Издательство, год: 8&8, 2024 г.
Тип обложки, кол-во страниц: мягкая обложка, 40/40 страниц
Размер (В x Ш) мм: 290 x 197
ISBN: 4870246912377
Язык: Казахский

Написать отзыв

Примечание: HTML разметка не поддерживается! Используйте обычный текст.
    Плохо           Хорошо

письмо каллиграфия