Автор: Трофимова С. В.
Код товара: 14004001,
Наличие: 1000
Қазіргі кезде гаджеттерге байланған өмір, мультфильм, компьютерлік ойындар және басқа да медиа бәсекелес болып жатқан жағдайда, ата-аналарды толғандыратынсұрақтардың бірі – баланы кітап оқуға қалай ынталандыруға болады. Ең тиімді әдістердің бірі – ішіндегі кейбір сөздердің орнын суретпен ауыстыра отырып, суретті мәтіндерді оқу. Мұндай әдіс көрнекі-бейнелі ойлауы басымырақ 6 жастағы балалар үшін қызықты әрі оңай болады. Мәтіндегі суреттер басты рөл атқарады. Олар ақпаратты есте сақтауға, материалды оңай меңгеруге мүмкіндік береді және жеңіл қабылданады. Баланың мақсаты – келесі суретке «жету» болғандықтан, мәтінді ойын түрінде қабылдайды. Әрбір суреттің астындағы сөздер нені білдіретіндігі туралы ақпарат, мәтіннің алдында беріледі.
Құралдың басты артықшылығы:
– Оқу мен сөйлеу дағдыларын дамыту. Мәтінді оқып, сөздерді суретпен ауыстыру арқылы, бала оларды дұрыс қолдануға, сауатты сөйлеуге үйренеді. Осы беттерде алғашқы рет кездесетін 7 және одан да көп әріптерден тұратын сөздер буынға бөлінген.
– Есте сақтау қабілетін күшейтеді. Суреттерді алмастыратын сөздерді есінде сақтау тапсырмасы, баланың зейіні мен ойлауын дамытады. Мәтінді оқып болғаннан кейін, бала сұрақтарға жауап береді. Баланың сұрақтарға толық сөйлеммен жауап беруін қадағалаңыз. Бұл оны есінде сақтауына көмектеседі, суретке қарай отырып, бала әңгімедегі оқиғаның ретін анықтайды. Мұндай жаттығулар мәтіндегі негізгі элементтерді бөліп алуға және оқиғаның желісіне көңіл бөлуге көмектеседі.
Мұндай дағды алдағы уақытта мәтіннің мазмұнын айтуға және мектепте мазмұндама жазуға керек болады. Қосымша тапсырма ретінде бала мәтінге өзі де сұрақтар құрастырса болады.
Құралда сұрақтардан кейін, ойын түріндегі жаттығулар берілген, бұл баланың мәтінді түсініп, саналы оқуын жақсартады.
Әрбір тапсырманы орындағаннан кейін, бала сәйкес смайликті бояйды: – қиын болды, – барлығы бірдей оңай болмады, – барлығы өте жақсы. Мұндай тәсіл баланың қызығушылығын арттырып қана қоймай, ересек адамның тапсырманың балаға қаншалықты пайдалы болғандығын бағалауға мүмкіндік береді.
Маңызды! Құралмен жұмысты, бала жеке сөздерді оқып үйренгеннен кейін, өзіне сенімді болғанда ғана бастау керек.
Дополнительная информация | |
Издательство, год: | 8&8, 2025 г. |
Тип обложки, кол-во страниц: | мягкая обложка, 32 страницы |
Размер (В x Ш) мм: | 290 x 197 |
ISBN: | 4870246913022 |
Язык: | Казахский |