Автор: Полулях И. А.
Код товара: 14000751,
Наличие: 500
Тарихтың мектеп пәні ретінде маңызы зор және ол сыншылдықпен ойлай білетін, кемелді азаматтық ұстаным мен көзқарасқа ие білімді адамды тәрбиелеу мүмкіндігін береді.
Дүниежүзі тарихы бойынша бұл құралдар топтамасы:
1) тарих мұғаліміне 6–10 сыныптарда сабақтар дайындап, өткізуге, жаңа буын оқулықтарында ұсынылатын әрбір тақырыптағы негізгі мәселелерге оқушылардың назарын аударуға көмектеседі;
2) оқушылардың өз білімдерін тест тапсырмалары бойынша тексере отырып нақтылай түсуіне, әр тақырыптағы басты мәселені жатқа біліп алуына көмектеседі;
3) тарих факультеттерінің студенттеріне Еуропа, Шығыс елдерінің, т. б. тарихы бойынша білімдерін қалыптастыруына және жүйелеуіне көмектеседі.
Бұл құралдар топтамасында мектеп бағдарламасында көзделген ежелгі заманнан ХХІ ғасырдың бас кезіне дейінгі дүниежүзі тарихының барлық кезеңдері ашып көрсетілген. Әрбірінде 25–50 сұрақтан бар 53 тақырыпқа біріктірілген 1700 тест тапсырмасы қамтылған. Материалдарды жинақтау барысында Білім беру мен тестілеудің МСҰО 2008–2010 жылдары шығарған «Дүниежүзі тарихы бойынша тест тапсырмаларының жинақтарына» талдау жасалды. Талдау жұмыстары жоғарыда аталған жинақтардағы тест тапсырмалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жалпы білім беретін мектептер үшін ұсынылған оқулықтардың шегінен шығып кететінін көрсетті.
Бағдарламаға қосымша әдебиеттер тізімінде 1990–2000 жылдардағы, мұғалімге арналған құрал ретіндегі ескі буын оқулықтары көрсетілген.
Дополнительная информация | |
Издательство, год: | 8&8, 2014 г. |
Тип обложки, кол-во страниц: | мягкая обложка, 40 страниц |
Размер (В x Ш) мм: | 200 х 256 |
ISBN: | 998-601-268-490-2 |
Язык: | Казахский |