СуперМи. Нейротренажёр 5+. Саусақпен ойындар-жазу-бояу

Автор: Трофимова С. В.
Код товара: 14004039,   Наличие: 1000

Бұл құрал – қызықты тапсырмалардың жиынтығы ғана емес, мидың жартышараралық өзара әрекеттесуін және балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған тиімді құрал. Құралда бір мезетте қимыл қызметтері мен ойлау үрдістерінің белсенді болуының нәтижесіне бағытталған нейропсихологиялық әдіс негізге алынғандықтан, бұл құрал оңқай және солақай балаларға да тиімді. Мидің жартышараралық өзара әрекеттесуінің дамуы баланың когнитивті қабілеттерінің қалыптасуында шешуші рөл атқарады. Екі қолдың жұмысы белсенді болғанда, мидың екі жарты шарының жұмысы жанданады, есте сақтауы, назары, үйлестіруі, сөйлеуі, қиялы мен ойлауы жақсарады, көз бен қолдың жұмысы үйлеседі. Бұл алдымен баланың жаңа міндеттерді оңай орындауына және әртүрлі әркеттерді орындаған кезде тезірек келесіге көшуге көмектеседі.

Әрбір сабақта реттілігімен төрт тапсырма беріледі (олардың көпшілігі түрлі-түсті түспен қоршалған, орындалу тәртібі мен үлгісі берілген):

• Нейрогимнастика – сурет бойынша орындалатын қол жаттығулары. Олар қозғалыстың үйлесімділігін дамытады және баланы келесі тапсырманы орындауға дайындайды. Жаттығуды кемінде 5–7 рет қайталап жасауға, қозғалыстардың дұрыс жасалуын қадағалай отырып, орындау оңай болғанда 10-ға дейін жасау ұсынылады.

• Нейроойын – екі қолды бірдей қозғалтуға арналған ойын жаттығулары. Олардың кейбіреуін біртіндеп жылдамдықты күшейте отырып, бірнеше рет жасауға болады.

• Нейрожазу – тапсырманы екі қолмен үйлестіре отырып, сызықтарды салу. Әрбір сызықты нүктеден бастап нұсқардың бағытымен жүргізу. Егер балаға тапсырманы екі қолмен орындау қиындық туғызса, оған әрбір қолымен кезек-кезек орындауды ұсыныңыз.

• Нейробояу – бір мезетте екі қолмен суреттерді бояу. Ол үшін алдын ала түрлі-түсті қарындаштың екі жиынтығын дайындап қойыңыз.

Әрбір сабақты 3-ші беттегі нейроширатудан бастау ұсынылады.

400 тг

Дополнительная информация
Издательство, год: 8&8, 2025 г.
Тип обложки, кол-во страниц: мягкая обложка, 32 страницы
Размер (В x Ш) мм: 290 x 197
ISBN: 4870246913466
Язык: Казахский

Написать отзыв

Примечание: HTML разметка не поддерживается! Используйте обычный текст.
    Плохо           Хорошо

НЕЙРОТРЕНАЖЁР, НЕЙРОТРЕНАЖЕР, мелкая моторика, развитие руки