Код товара: 14003235,
Наличие: 3
Баланы әріптерді оңай әрі жылдам есте сақтауға қалай үйретуге болады? Ол үшін олармен ойнау керек. Түрлі-түсті салынған суреттерге қараңыз және тапсырманың шартына байланысты әріптері бар суретке қыстырғышты қыстырыңыз. Балаңыз қазақ әліпбиінің 42 әрпін оңай есінде сақтайтын болады!
«Әріптер тобы» қызықты ойыны 2–6 жастан асқан балалармен қызықты ойынсабақтарын өткізуге арналған.
Ойын баланы қазақ әліпбиімен әріптерімен таныстырады, әріптің сөздегі орналасуын ғана анықтауға үйретіп қоймай, саусақтарының ұсақ моторикасын дамытуға мүмкіндік береді, есте сақтауын, байқағыштығын арттырады және бейнелі ойлауын қалыптастырады. «Әріптер тобы» ойынымен өткізілген әрбір сабақ баланың тілін қалыптастыруға мүмкіндік береді және сөздік қорын молайтады.
Ойынның алдында суреттері бар карточканы үзік сызықтары бойынша кесіп алыңыз.
№1-ші ойын. Кім бірінші?
Ойынның мақсаты: суретте бейнеленген заттың аты басталатын әріпке қыстырғышты қыстыру керек.
№2-ші ойын. Кім соңғы?
Ойынның мақсаты: суретте бейнеленген зат атының аяқталатын әрпіне қыстырғышты қыстыру керек.
№3-ші ойын. Қақ ортасы
Ойынның мақсаты: суретте бейнеленген заттың атының ортасында тұрған әріпке қыстырғышты қыстыру керек.
№4-ші ойын. Дауысты дыбыс, мен сені білемін!
Ойынның мақсаты: суретте бейнеленген заттың атында бар дауысты дыбыстарға қыстырғышты қыстыру керек.
№5-ші ойын. Мені тап!
Ойынның мақсаты: суретте бейнеленген заттың атауындағы қыстырғыш қыстырылған әріпке сай барлық карточкаларды табу керек.
№6-шы ойын. Конструктор
Ойынның мақсаты: суретте бейнеленген заттың атауындағы бар әріпке қыстырғышты қыстыру керек.
Дополнительная информация | |
Размер (В x Ш) мм: | 214 х 214 |
Штрих-код: | 4870235566963 |
Материал: | картон + пластик |
Комплектующие: | 1 игровой круг, 54 разрезные карточки, 10 прищепок |
Настольная игра. Буквоскоп. Занимательная игра с буквами и словами. Игры на прищепках